about us icon Пресс-центр

Новости

news image

Остеосинтез операциясы жасалынды

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні қалалық балалар клиникалық ауруханасының жарақат бекетіне…

8, апреля 2024
Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні қалалық балалар клиникалық ауруханасының жарақат бекетіне 9 жасар ұл бала жүрегінің айнуымен, бет-жағының қанауымен алып келді, анасының айтуынша аулада ойнап жүрген кезінде темір әткеншек жоғарғы бет- жағына тиген. Дәрігердің толық қарауынан кейін қажетті диагностика жасалынып, компьютерлік томографияның қортындысы бойынша жоғары бет- жақ алдыңғы тістері орыннан қозғалған. «Жоғарғы жақ алвеола сүйегінің ығысуы мен сынуы» диагнозы қойылды. Шұғыл түрде оторинолорингология және жақ-бет аймағы хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Балаға ота алды дайындық жасап, жоғары жақ сүйегіне титановая пластинка қою арқылы тікелей әдіспен остеосинтез операциясы жасалынды. Операция бір жарым сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Отадан кейін баланың жағдайы қалыпты жақсы, ісінулер және ауырсыну сезімдері басылды. Қазіргі таңда баланы үйге шығаруға дайындауда.
Құрметті ата-аналар балаларыңызға аулада ойнап жүрген кезінде өте абай болыңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! — дейді жақ- бет хирург дәрігері Нұрсұлтан Жүзбайұлы.

Контакты

ГКП на ПХВ «Городская детская клиническая больница»

Адрес:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр.Асар, 757

detbol_1@mail.ru

phone icon 1414
Единый контакт-центр
phone icon 41-80-27
Контактный центр медицинского учреждения