about us icon Пресс-центр

Новости

news image

Балалар ауруханасында 3 жасар баланың зәр шығару жолдарына күрделі ота жасалынды.

Шымкент қаласының 3 жасар жас тұрғыны дене температурасының 40 С- қа дейін көтерілумен, бірнеше реттік құсумен, ішінің ауруына, жалпы…

15, февраля 2024

Шымкент қаласының 3 жасар жас тұрғыны дене температурасының 40 С- қа дейін көтерілумен, бірнеше реттік құсумен, ішінің ауруына, жалпы әлсіздікпен жедел түрде қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұған дейін бірнеше ай көлемінде жергілікті емханасынан консервативті ем алған ешкандай нәтиже бермеген, динамикада баланың жағдайы нашарлаумен ауруханаға жатқызылды. Балаға қажетті толық зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде дәрігер уролог балаға: «Несеп шығару жолдарының тума ақауы. Екі жақты активті-пассивті қуық-несепағарлық рефлюкс 3 дәрежесі, Сол жақ бүйректің гипоплазиясы» диагнозы қойылып, жоспарлы түрде балаға: «Цистотомия. Екі жақты Коэн бойынша уретероцистонеостомия» отасы жасалынды. Отаны уролог дәрігерлер: Аким Түлкібаев, Қайнар Бекмурат, Анестезиолог дәрігер: Гулжан Айдиновалар жүргізді. Отаның барысында қуықта несепағардың сағасын қуықтың басқа аймағына шырыш асты туннель қалыптастыру арқылы орналастыру. Сонымен қатар несепағардың төменгі бөлімін пластикалық нығайту жасалынды. 3 сағатқа созылған ота сәтті өтіп, асқынулар болмады. Балаға жоғары дәрежелі медициналық көмек дер кезінде көрсетілді. Қазіргі таңда баланың жалпы жағдайы қалыпты жақсы бүйрек қызметі толық қалпына келтірілді. үйіне шығаруға дайындалуда.
Бұл патология кезінде қуық-несепағарлық рефлюкс нәтижесінде бүйректе қабыну процессін тудырады және уақыт өте келе бүйрек бүрісуіне алып келуі мүмкін. Тума ақаудың дер кезінде анықталып, түзету жасалыну қажет және бүйрек жеткіліксіздігін алдын алуы басты назарда, сонымен қатар баланы жыл сайынғы профилактикалық тексерістен өткізіп отыру қажет дейді балалар уролог дәрігерлері.

Контакты

ГКП на ПХВ «Городская детская клиническая больница»

Адрес:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр.Асар, 757

detbol_1@mail.ru

phone icon 1414
Единый контакт-центр
phone icon 41-80-27
Контактный центр медицинского учреждения