Ағымдағы жылдың 14 — ақпан күні қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне 17 жасар қызбала жедел жәрдем бригадасымен түсті. Келген кездегі шағымдары 10 күн бұрын екі аяғының ұюып, жалпы әлсіздігіне, соңғы 6 тәулікте екі аяғының жансыздануына және үлкен, кіші дәретінің сезбейтінін байқаған. Осы аралықта ешқандай дәрігердің көмегіне жүгінбеген.
Кезекші нейрохирург дәрігер науқасты қарап — тексеру барысында қажетті зерттеу диагностикасын жүргізді , магнитті резонансты томография (МРТ) нәтижесінде бел аймағы омыртқа жұлын — ми аралығында Th5-Th7 деңгейде ісік байқалды. Балалар ауруханасының нейрохирург дәрігерлері шұғыл түрде баланы ота жасауға дайындады. 2 сағатқа созылған ота нейромониторинг аппараты арқылы жасалды. Ота жасаған команда: нейрохирург дәрігерлер Таңсық Абдуллаев, Айбол Сансызбаев, Батырбек Марасилов, анестезиолог дәрігер Бауыржан Алменов. Жұлын каналындағы экстрамедуллярлы ісікті алып, гистологиялық зерттеуге жіберілді. Зерттеу нәтижесінде «Менингиома» анықталды.
Науқас отадан кейін жансақтау бөлімшесінде бақылауда болып, нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Бірнеше күннен соң стационарлық емін онкогематология бөлімшесінде жалғастырып, санавиация арқылы Алматы қаласының «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына» (НЦПДХ) жолданды.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың денсаулығында қандай да бір ауру белгілерін байқаған жағдайда тез арада дәрігердің кеңесіне жүгінгендеріңіз абзал екендігін дәрігерлер еске салады.