about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Балалар ауруханасының дәрігерлері бір күндік нәрестеге ота жасады.

Қалалық балалар клиникалық аурухана дәрігерлері «Қалалық перинаталдық орталыққа» барып ауыр жағдайда туылған бір күндік нәрестеге….

12, февраля 2024

Қалалық балалар клиникалық аурухана дәрігерлері «Қалалық перинаталдық орталыққа» барып ауыр жағдайда туылған бір күндік нәрестеге ота жасады.
Антенаталды жүктіліктің 20 апталығында іштегі нәрестенің “Асқазан ішек жолдарының ақауы” бар екендігі анықталған. Неонаталды хирург дәрігері туылғаннан кейін ота жасау қажет екендігін ата – анасына айтқан. Нәресте 09.02.2024 жылы 34 аптасында 2450 грамм салмақпен қалалық перзентханада туылды. Ота алды дайындықтан кейін нәрестеге қалалық перинаталды орталықта балалар ауруханасының дәрігерлері ота жасады. Ота жасаған дәрігерлер: бас дәрігердің орынбасары Ержан Ерманұлы және хирург дәрігер: Асанбай Абжаппарұлы, анестезиолог дәрігер: Ақжол Құрбанбайұлы. Ота барысында науқасқа асқазан ішек жолдарының туа пайда болған ақауы, аш ішек атрезиясы анықталып, аш ішек бітеу бөлігін кесіп алып, ішектердің соңғы бөліктерін бір біріне жалғады. Ота сәтті өтіп, қазіргі жағдайы өткізілген отасына сәйкес, жан сақтау бөлімінде емін жалғастыруда.
Егер нәрестеге дер кезінде жоғары дәрежелі білікті медициналық ота жасалмаған жағдайда нәрестенің өміріне қауіп төніп, өлімге әкелуі мүмкін дейді бас дәрігердің орынбасары Байдуллаев Ержан Ерманұлы.

Байланыстар

ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр.Асар, 757

detbol_1@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 41-80-27
Медициналық мекеменің байланыс орталығы