about us icon Біз туралы

ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МКК

diagnostika photo

 

Қалалық балалар клиникалық ауруханасы Шымкент қаласының 0-18 жас аралығындағы балаларына шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін көрсететін көпсалалы, бірегей аурухана. 2020 жылдан бастап қаланың барлық педиатриялық қызметін орталықтандыру мақсатында қосымша профильдер ашылып барлығы 18 клиникалық бейін бойынша медициналық көмек көрсететін, құрылымында қосалқы МРТ, КТ, ангиограф, рентген, УДЗ, ЭЭГ, РЭГ, ЭКГ, холтер кабинеттері бар сәулелі және функциональдық диагностикалық бөлімшелері, физиоемдеу, стерилизация орталығы, бактериологиялық – клиникалық лабораториясы, консультативті – диагностикалық блок және 20 төсектік күндізгі стационары бар ауқымды аурухана. Жылына 116 мыңдай пациент келіп қаралып, оның 20 000 ға жуығы емделіп, 5000 нан аса операциялар жасалынады.

Аурухананың материалдық техникалық базасына көңіл бөлініп, нығайтылып жатыр. Материалдық техникалық жабдықталуы бүгінгі таңда 94,6% құрайды.

Жергілікті бюджет есебінен: автоматтандырылған гематологиялық анализатор, экг, өкпені жасанды желдету аппараттары, шприц сорғышы, озон стерилизаторы, төмен температуралы плазмалық стерилизатор, офтальмоскоп, бронхофиброскоп, инфузомат, цифрлық рентген, стационарлық тепловизор, функционалық кереуттер, нанодакт, күйікке қарсы кешен, нейромониторинг, краниотом, мрт, ангиограф, нейрохирургиялық микроскоп, 4К бейне жүйесі бар педиатриядағы лапароскопиялық хирургияға арналған бейне кешен, имунно ферменттік анализатор, коагулометр талдағыш анализатор аппараттары алынды. Күрделі оталар жасалынып, операция  саны артуда.

 

Байланыстар

ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр.Асар, 757

detbol_1@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 41-80-27
Медициналық мекеменің байланыс орталығы