ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МКК
Қалалық балалар клиникалық ауруханасы Шымкент қаласының 0-18 жас аралығындағы балаларына шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін көрсететін көпсалалы, бірегей аурухана. 2020 жылдан бастап қаланың барлық педиатриялық қызметін орталықтандыру мақсатында қосымша профильдер ашылып барлығы 18 клиникалық бейін бойынша медициналық көмек көрсететін, құрылымында қосалқы МРТ, КТ, ангиограф, рентген, УДЗ, ЭЭГ, РЭГ, ЭКГ, холтер кабинеттері бар сәулелі және функциональдық диагностикалық бөлімшелері, физиоемдеу, стерилизация орталығы, бактериологиялық – клиникалық лабораториясы, консультативті – диагностикалық блок және 20 төсектік күндізгі стационары бар ауқымды аурухана. Жылына 116 мыңдай пациент келіп қаралып, оның 20 000 ға жуығы емделіп, 5000 нан аса операциялар жасалынады.
Аурухананың материалдық техникалық базасына көңіл бөлініп, нығайтылып жатыр. Материалдық техникалық жабдықталуы бүгінгі таңда 94,6% құрайды.
Жергілікті бюджет есебінен: автоматтандырылған гематологиялық анализатор, экг, өкпені жасанды желдету аппараттары, шприц сорғышы, озон стерилизаторы, төмен температуралы плазмалық стерилизатор, офтальмоскоп, бронхофиброскоп, инфузомат, цифрлық рентген, стационарлық тепловизор, функционалық кереуттер, нанодакт, күйікке қарсы кешен, нейромониторинг, краниотом, мрт, ангиограф, нейрохирургиялық микроскоп, 4К бейне жүйесі бар педиатриядағы лапароскопиялық хирургияға арналған бейне кешен, имунно ферменттік анализатор, коагулометр талдағыш анализатор аппараттары алынды. Күрделі оталар жасалынып, операция саны артуда.
Байланыстар
ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МККМекен-жайы:
Email:
РК, г. Шымкент, мкр.Асар, 757
detbol_1@mail.ru