about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

БАЛА ДЕГЕН БІР БАҚЫТ

Бала деген бір бақыт! Осындай атаумен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында мерекелік шара өтті.Аурухана әкімшілігі ем алушы балаларға арналған концерттік бағдарлама, көңілді ойындар ұйымдастырып, бағалы сыйлықтар үйлестіріп берді.Бұл шараның басты мақсаты – балалар мен олардың ата-аналары үшін мерекелік көңіл күй сыйлау. Мұндай әр мереке балалар мен олардың туыстарының психологиялық және […]

3, Маусым 2022

Бала деген бір бақыт! Осындай атаумен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында мерекелік шара өтті.
Аурухана әкімшілігі ем алушы балаларға арналған концерттік бағдарлама, көңілді ойындар ұйымдастырып, бағалы сыйлықтар үйлестіріп берді.
Бұл шараның басты мақсаты – балалар мен олардың ата-аналары үшін мерекелік көңіл күй сыйлау. Мұндай әр мереке балалар мен олардың туыстарының психологиялық және эмоциялық тұрғыдан байытады.
Сондай-ақ мереке қарсаңында бүлдіршіндерге естен кетпес ерекше қуаныш сыйлауды көздеген ақ халаттылар, мекеме маңайын арнайы декарация құрып ертегілер елінен сыр шертетін кейіпкерлермен безендіріп қойған.
«2022 жылды президентіміз Касым-Жомарт Токаев «Балалар жылы» деп бекітті. Осыған орай балалар ауруханасында медицина қызмет түрі кеңейіп, жаңа ота жасау әдістері енгізілуде. Соның арқасында ауыр дертке шалдыққан науқастар Нұр-Сұлтан, Алматы қаласына сабылмай-ақ өзімізде хирургиялық ем алуда. Бұған қоса жыл басынан бері қалалық балалар клиникалық ауруханасында әр аптаның жұма күні Ашық есік күні өткізілуде. Бүгінгі мерекеде ауруханада жатқан балаларды қуантқымыз келді! Әр бала бақытқа лайықты» -дейді Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилова.
Айта кетейік, бүгінде ауруханада әртүрлі диагнозбен 18 жасқа дейінгі 300-ден аса бала емделуде. Көптеген балалар мұнда бірнеше күннен, бірнеше аптаға дейін ем алады. Ал жыл басынан бері әр аптаның жұма күні Асардағы балалар ауруханасында бейінді дәрігерлердің қатысуымен Ашық есік күні өтуде.

Байланыстар

ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр.Асар, 757

detbol_1@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 41-80-27
Медициналық мекеменің байланыс орталығы