about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Жоғары технологиялық ангиограф аппаратымен күрделі оталар жасалынуда

Қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне 15 жасар қыз баласы оң қолының саусақтары…

12, апреля 2024
Қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне 15 жасар қыз баласы оң қолының саусақтары мен алақанының бүгілмеуіне, жаза алмауына, ауырғанына шағымданып келді. Дәрігердің толық қарап тексеруінен кейін, науқасқа «Туа біткен көк тамыр ақауының венозды ангиодисплазиясы» диагнозы қойылып, кардиохирургия және интервенционды кардиология бөлімшесіне жатқызылды. Жоғары технологиялық ангиограф аппаратымен күрделі ота жасалынып, сәтті өтті. Отадан кейін науқас 5ші тәулікте үйіне шығарылды. Науқастың жағдайы қазіргі таңда қанағаттанарлық жақсы, шағымы жоқ, ауырсынулар басылған, қолының қызметі толық қалпына келтірілді.
Егер де балаңызда тамырлардың ауруы және жоғарыда айтылған шағымдар байқалған жағдайда тезарада ангиохирург дәрігердің көмегіне жүгіну қажет дейді- дәрігер Рафик Байрамұлы.

Байланыстар

ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр.Асар, 757

detbol_1@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 41-80-27
Медициналық мекеменің байланыс орталығы