about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

МӘМС ПАКЕТІНДЕ КІМДЕРГЕ ТЕГІН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ?

МӘМС пакетіндегі стоматологиялық көмек тізімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын азаматтардың жекелеген санаттарына ұсынылады. ❗ Жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі. ❗ Шұғыл стоматологиялық көмек 10 санаттағы азаматтарға қолжетімді: ?️ 18 жасқа дейінгі балалар; ?️ Жүкті әйелдер; ?️ Ұлы Отан соғысының ардагерлері; ?️ 1, 2, 3 топтағы мүгедектер; ?️ «Алтын […]

15, Қыркүйек 2022

МӘМС пакетіндегі стоматологиялық көмек тізімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын азаматтардың жекелеген санаттарына ұсынылады.

❗ Жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі.

❗ Шұғыл стоматологиялық көмек 10 санаттағы азаматтарға қолжетімді:

?️ 18 жасқа дейінгі балалар;

?️ Жүкті әйелдер;

?️ Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

?️ 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

?️ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;

?️ Атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

?️ Жасына байланысты зейнетке шыққандар;

?️ Инфекциялық, әлеуметтік-маңызды аурулармен және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар;

?️ Мүгедек балаға күтіміне байланысты жұмыс істемейтін тұлғалар;

?️ Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар.

Байланыстар

ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МКК

Мекен-жайы:

Email:

РК, г. Шымкент, мкр.Асар, 757

detbol_1@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 41-80-27
Медициналық мекеменің байланыс орталығы