Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер мойя – мойя ауруына шалдыққан науқастарға күрделі оталарды сәтті жасауда. Сирек кездесетін мұндай дертке шалдыққан пациенттерге нейрохирургтар тың әдіспен кезеңдік операция жасайды.
Балалар ауруханасындағы нейрохирург дәрігерлер Мойя-мойя ауруына шалдыққан Түркістан облысы Мақтарал ауданының 5жасар жас тұрғынына ота жасады. 11.01.2024ж Қалалық балалар клиникалық ауруханасының консультативті – диагностикалық блогына жолдама арқылы нейрохирург дәрігеріне келді. Анасының айтуы бойынша баласының басының ауырсынуына, дамуының артта қалуына, басының айналуына, оң жақ қол-аяғының әлсізденуіне шағымданған. Қосымша зерттеу (МРТ) жасалынды. Қаламыздың білікті маманы Еркін Жұмағұлұлымен бірге қаралып, балаға Мойя-Мойя диагнозы қойылып, жоспарлы түрде ота еміне (оперативное лечение) ұсыныс берілді. 17.01.2024ж жоспарлы түрде Қалалық балалар клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жоспарлы түрде жатқызылды. Ота алды дайындықтан кейін 19.01.2024ж Күрделі операция 4 сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Күрделі ота жасаған команда; нейрохирург Е.Медетов; Т.Абдуллаев; анестезиолог Б.Алменов; Операция кезінде дәрігерлер нерохирургиялық микроскоп аппаратының көмегімен микрохирургиялық әдіспен бас миының сыртқы – ішкі қантамырларының анастомозы (Экстра-интракраниальный микрососудистый анастомоз между ветвями ПВА и М4 сегментом СМА слева.) отасы жасалды. Отаның өту барысы сыртқы ұйқы артериясының маңдай тармағындағы артерияны ортаңғы ми артериясының М4 тармағына анастамоз жасалынды. Заманауи операциялық микроскоптың көмегімен жасалған ота ең күрделі оталардың бірі болып саналады. Баланың қазіргі денсаулық жағдайы жақсы бір қалыпты, үйіне шығаруға дайындауда дейді мамандар.
«Мойя-мойя ауруы сирек кездесетін дерт. Мың баланың ішіндегі біреуінен кездеседі. Ауру салдарынан ми қан тамырлары бітеліп, инсультке әкелуі мүмкін. Науқастың өміріне қауіпті болып саналатын мұндай дертте мүгедек болу қаупі басым. Біз Мойя- мойя ауруына жасалатын ота кезінде осындай қауіптің алдын алып, бас миындағы бітілген тамырларды хирургиялық жолмен емдейміз» дейді аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер нейрохирург Таңсық Орымбасарұлы.