Ағымдағы жылдың 25 наурыз күні қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне сағат 00:40 шамасында жедел жәрдем көлігімен 1 айлық сәби жеткізілді. Анасының айтуы бойынша баланың жөтелуі, мазасыздануы, ауызынан көп мөлшерде сілекей ағуына шағымданған. Кезекші хирург дәрігерлермен қаралып, кеуде қуысының рентгенографиясы жасалды. Кеуде куысы ағзаларының рентгенографиясында асқазан ішек жолдарында домалақ пішінді бөгде зат анықталған. Науқасқа шұғыл түрде ота жасалып, эндоскопиялық жолмен өңештен бөгде зат (батарея) алынды.
Қәзіргі таңда бала сырқат нәрестелер бөлімшесінде стационарлық ем қабылдауда, жағдайы қалыпты, қанағаттанарлық.
Балаға дер кезінде шұғыл ота жасамаған жағдайда баланың өміріне қауіп туатын еді дейді дәрігерлер, сонымен қатар үй жағдайында майда заттардың (түйме, тиын, жержаңғақ, батарея т.б) балалардың қол жетпейтін жерде болуы керектігін ата-аналарға ескертеді.