Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл түрде 9 жасар ұл бала түсті. Түскен кезде ішінің бүріп ауруы, зәр шығуының қиындауы, жалпы әлсіздікке шағымданды. Анасының айтуынша бала 1 жыл көлемінде ауырады, амбулаторлы жағдайда қаралмаған. Қарап тексеру барысында инструментальді толық зерттеулер жүргізіліп, УДЗ және КТ нәтижесінде сол бүйректе ірі көлемді 6,0х7,0см киста анықталды. «Сол бүйрек кистасы» диагнозы қойылып, шұғыл стационарлық емге жатқызылды. Ота алды дайындық жасалынып, қажетті қосымша диагностикалық шаралар жүргізіліп, лапароскопиялық сол бүйрек кистасы алынып тасталынды. Отаның ерекшелігі кистаның ірі көлемді болуы, отадан кейінгі мүмкін болатын асқынуларды тудыруы, денеде аз тіліктің түсуі және пациент тез қалыпқа келуінде.
Дер кезінде науқасқа ота жасамаған жағдайда зәр шығару жолдарының қысылуы, бүйректегі қабыну процесінің артуына алып келеді. Ота асқынусыз, сәтті өтіп, бақылау көрсеткіштері толық қалпына келтіріліп, 4-ші тәулікте үйіне шығарылды. Баланың казіргі жағдайы жақсы, қайталама бүйрек УДЗ зерттеу нәтижелері сол бүйрек толық қалыпқа келуі, қайталама жағдайлар байқалған жоқ.
Ата –аналарға жоспарлы түрде жыл сайын балаларын профилактикалық тексерістен өтіп тұруына кеңес береміз.