Басшылық
Байдуллаев Ержан Ерманович
Заместитель главного врача по хирургический частиШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МКК
Байдуллаев Ержан Ерманович, 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында Балтакөл ауылында дүниеге келді. 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын “Педиатрия” факультетіне түсіп, 2008 жылы “дәрігер-педиатр” біліктілігін алып шықты. 2008 – 2009 жыл аралығында “Балалар хирургиясы” мамандығы бойынша интернатураны бітіріп шықты.
Еңбек жолын 2009 жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасында дәрігер – хирург ретінде бастаған.
2012 жылдан бастап сырқат нәрестелер бөлімшесіне неонаталдық – хирург ретінде ауыстырылды.
2020 жылдың 12 ақпаннан бастап еңбек өтілін Шымкент қаласында орналасқан ШЖҚ «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК – да хирургия бөлімшесінің меңгерушісі жұмысын атқарды.
2022 жылдың 12 ақпаннан бастап Шымкент қаласында орналасқан ШЖҚ «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК – да бас дәрігердің хирургия ісі бойынша орынбасары ретінде жалғастыруда.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас неонаталды хирургі.
Осы қызмет атқарған 2 жылдың ішінде өзін жақсы ұйымдастырғыш және хирург екенін көрсете білді. Оның басшылығымен осы аз уақыт ішінде Шымкент балалар хирургиясы айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Әсіресе жаңа туылған балалар хирургиясы аймағында. Соңғы 2 жылда жаңа туылған балаларға операция жасау 2 есеге өсті, 2019 жылы 32 операция жасалса, 2021 жылы 70 туа біткен кемістікке операция жасалынды.
Шымкент қаласында жаңа туылған баланың асқазанына, гастрошизиске, көкет жарығы, аноректальды даму ақауларына және басқа да ақауларға операциялар жасап, баланы аман алып қалуда жоғары пайыз көрсеткіштерге жетті.
Оның бастамасы бойынша семинарлар өткізу және методикалық нұсқаулықтар шығару арқылы, сонымен қатар әрбір неонатолог пен балалар хирургтарына жеке-жеке түсіндірулер арқылы хирургиялық ақаулармен жаңа туылған нәрестелерге алғашқы көмектер көрсетуде.
Еңбек ете отырып, әрқашанда біліктілігін арттырып отырады:
10.09.2018 – 06.10.2018 жыл аралығында “А.Сызғанов атындағы ҰҒХО” “Бауыр ауруларын хирургиялық емдеудегі жоғары технологиялық әдістер” 216 сағат, 02.12.2020 – 12.12.2020 жыл аралығында «Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы» оқу клиникалық орталығы «Жаңа туылған нәрестелер сепсисі АІИ-ны алдын алудың бюджеттік және негізгі құралдары» 108 сағат, 22.07.2021 – 24.07.2021ж. аралығында «Педиатрия және балалар хирургиясы» ғылыми орталығында «Балалардағы заманауи торакоабдоминальды хирургия» 27 сағаттық тақырыптары негізінде біліктілігін арттырып келеді. 02.12.2021 – 16.12.2021ж. аралығында Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласы Жоғары мамандырылған қалалық балалар балалар көпсалалы медициналық технологиялар клиникалық орталығы базасында іс – тәжірибе алмасу мақсатында іссапарда болған.
Дәрігерлерді дипломнан кейінгі оқытудың аймақтық институтында «Қоғамдық денсаулық сақтау» тақырыбы бойынша қайта даярлаудан өтті.
2013 жылы Шымкент қаласының әкімінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай “Үздік жас дәрігер” номинациясымен марапатталды.
2020 жылы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысынан, 2021 жылы Түркістан облысы әкімінен Медицина қызметкерлері күніне орай «Алғыс хатпен» марапатталды.
2022 жылы «Өмір-Айна» республикалық қоғамдық саяси журналы атынан «Жанқиярлық еңбегі үшін 2022» төсбелгісімен марапатталды.
Байланыстар
ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МККМекен-жайы:
Email:
РК, г. Шымкент, мкр.Асар, 757
detbol_1@mail.ru