Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК әкімшілігі 2026 жылдың 26 мамыры мен 26 маусымы аралығында кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Ішкі талдау жұмыстары келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Аурухананың қызметін қозғайтын ішкі нормативтік құқықтық актілер мен құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті, кадр саясатын (бос орындарға қабылдау, мүдделер қақтығысы), мемлекеттік сатып алу және қаржы-шаруашылық бағыттарын талдау.
Осыған байланысты, аурухана қызметін жақсарту, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарыңыз, арыз-шағымдарыңыз немесе ескертулеріңіз болса, кәсіпорынның комплаенс-офицері А. Алпысбаевқа (Аурухана ғимараты, әкімшілік бөлімі) немесе аурухананың ресми электрондық поштасына жолдауыңызды сұраймыз.
Ақпарат беруші тұлғалардың құпиялылығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық кепілдік беріледі.
«Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК жұмыс тобы
ScreenReader

















