Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК әлеуетті өнім берушілерден 2027 жылға жоспарланған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша коммерциялық баға ұсыныстарын қабылдайды.
Баға ұсыныстары 2027-2029 жылдарға арналған қаржыландыру көздері бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру және тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нарықтық құнын айқындау мақсатында сұратылады.
Толық ақпарат
Қажеттіліктердің толық тізімі, коммерциялық баға ұсынысын рәсімдеуге қойылатын талаптар, ұсыныстарды қабылдау мекенжайы және жауапты қызметкердің байланыс деректері ресми хабарландыруда көрсетілген.
Мекенжай: Шымкент қаласы, Асар шағынауданы, 757
Электрондық пошта: detbol_1@mail.ru
Телефон: +7 776 723 00 88
Жауапты қызметкер: Тастанбекова Эльмира Асилхановна
Назар аударыңыз: коммерциялық баға ұсыныстары тек 2027 жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру және шығыстарды негіздеу мақсатында жиналады. Осы хабарландырудың жариялануы немесе баға ұсынысының берілуі мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу міндеттемесін туындатпайды.
ScreenReader

















