ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН БЕС ЖАҒДАЙ
Медициналық сақтандырудың болмауы себепті жүкті әйелді есепке алудан бас тартылуы мүмкін бе, егер ЖК болса, декреттегі әйел МӘМС-ға жарна төлеуі тиіс пе, МӘМС шеңберінде жүктілік бойынша УДЗ тиесілі ме?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласының №9 қалалық емханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Екатерина Юнусовамен бірлесіп, болашақ аналар жиі кездесетін жағдайлар бойынша түсініктемелер дайындады. Біздің инфографиканы қараңыз.
Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге ол жерде көмек көрсетілмеген жағдайда, онда өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы біле аласыз.