Ұйымдастыру құрылымы
Диагностикалық орталықтың негізгі приоритеті дәрігерлердің жоғары біліктілігі және заманауи диагностикалық технологияның қолданылуы. Мамандардың жоғары кәсіби біліктілігі диагностика мен емдеудің жаңа тиімді әдістерін диагностикалық процеске ендіруге мүмкіндік береді. Дәрігерлік персоналдың 88% -ның жоғары және бірінші біліктілік санаты бар.
Мамандардың Қазақстан Республикасы және жақын, алыс шетелдердің (Астана, Алматы, Санкт-Петербург, Москва, Новосибирск, Литва, Сингапур, Лондон, Минск, Стамбул және т.б.) орталық оқыту базаларында үздіксіз біліктілігін жетілдіру жолымен медициналық кадрлардың жоғары деңгейлі біліктілігіне (83%-ның біліктілік санаты бар) қол жетіп отыр.
ҚДО құрылымы:
– №1 және №2 клиникалық консультативтік бөлімшелер
– күндізгі стационар және сауықтыру бөлімшесі
– сәулелік диагностика бөлімшесі
– ультрадыбыстық диагнсотика бөлімшесі
– функционалдық диагностика бөлімшесі
– орталықтандырылған медициналық зертхана; Эндоскопиялық диагностика бөлімшесі
– тіркеу орны, анықтама
Медициналық персоналдың біліктілігі құрамы:
– барлығы
– жоғары санатты
– бірінші санатты
– екінші санатты санатсыз
Қазіргі заманғы қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған бейінді мамандардың кабинеттері: гинекологиялық, хирургиялық, дерматологиялық емдік манипуляцияларды жүргізуге арналған видеокольпоскоп, автокераторефрактометр, офтальмоскоп, аудиометр, ЛОР комбайн, электрохирургиялық коагулятор, қуық қалбыршағы ауруларының диагностикасына арналған оптикалы ХОПКИНС цистоскопымен жабдықталған.
Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың деңгейінде материалдық-техникалық базаның дамуы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Орталыққа қымбат бағалы сандық рентгенаппараттармен, эксперт және премуим класты ультрадыбыстық сканерлермен, 1,5 Тесла МРТ, 64 кескінді мультиспиральдық компьютерлік томографпен, эксперт класты бейнендоскопиялық жүйе, зертханалық зерттеулердің барлық түрлерін орындауға арналған әлемдік деңгейдегі өндіруші фирмалардың автоматтық анализаторларымен жабдықталды (GE, Philips, R Diagnostics, Olympus, Simens және т.б.). Бүгінгі күні Орталықтың техникалық-экономикалық жабдықталу көрсеткіші 75% -ға дейін өсті және бұрын қол жеткізілмеген мамандардың медициналық біліктілігін инновациялық технологиямен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Аса маңызды инновациялар:
– ұрықтың бетіндегі туа біткен даму кемістігін анықтау (ЦДК – 3D/4D режимі), ұрықтың жүрек-қантамырлық патологиясын анықтау (фетальды эхокардиография) бойынша бағдарламамен ультрадыбыстық пренаталдық диагностика
– соноэластография әдісі
– бас миының тамырларын транскранеалдық дуплексті сканерлеу
– өңеш арқылы эхокардиография жасау
АД тәуліктік мониторлау:
– аз инвазивті диагностикалық манипуляциялар (стернальды пункция и пункциялық бауыр биопсиясы)
– КТ коронарографиясы, КТ ирригографиясы
– NBI жүйесі көмегімен асқазан, тоқ ішек ауруларының эндоскопиялық диагностикасы.
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді ендіруге: пациенттердің деректерінің электрондық базасын құру, жұмыс орындарын компьютеризациялау, электрондық құжатайналымды жүргізу мақсатында аса көңіл аударылды.
2013 жылы «Ариадна» ақпараттық жүйесімен электрондық тіркеу орны жұмысы ендірілді.
2014 жылы Шымкент қаласының барлық қалалық емханалары үшін орталықтандырылған зертханалық зерттеулердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ете отырып, зерттеулердің нәтижелерін он-лайн режимде алуға мүмкіндік беретін зертханалық ақпараттық жүйесімен Орталықтандырылған медициналық зертхана қызметі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, жаңадан іске қосылған Филипс фирмасының IntelliSpace Portal (IСP) жүйесі төмендегі мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
– ұйымның кез-келген жұмыс станциясынан сәулелік зерттеулердің анализін, диагностикасын (рентген, МРТ, КТ) көру процесін
– сәулелік зерттеулердің сандық суреттерін архивтеу
– сәулелік диагностика бөлімшесі жұмысының жоғары өнімділігін, тиімділігін
Орталық жұмыс істегеннен бері біздің мамандарымыз 50 мыңдай адамның денсаулығын жақсартуға көмектесті. Оңтүстік Қазақстан Қалалық диагностикалық орталық облыс тұрғындарына жоғарыбілікті консультативтік диагностикалық қызмет көрсететін медициналық ұйымдар арасындағы лидері болып табылады.
Орталықта медициналық әдебиет, ғылыми-практикалық материалдарға бай кітапхана жұмыс істейді, сонымен қатар, ғылыми-практикалық семинарлар, мастер класс, конференциялар өткізуге арналған 150 орындық мәжіліс залы бар.
Байланыстар
ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МККМекен-жайы:
Email:
РК, г. Шымкент, мкр.Асар, 757
detbol_1@mail.ru